Ойын алаңдарын дайындайтын зауыт | Made in kz

Ойын алаңдарының тарихы тек XIX ғасырдан басталады. Яғни, оған дейін ересектер балаларға арнайы ойын аумағы қажет деп санамаған болуы керек. Ауылдың жөні бөлек, ал қаланың баласы көшелердің жиегінде, үйдің маңында ойнап ермек тапты. Әрине, балалар ойын ауласының жекелеген элементтерін мысалы, ағашқа байланған алтыбақандарды ежелгі Грекияның кезінен көруге болады. Дегенмен үй ауласында орналасқан толық кешендер тек XIX ғасырдың екінші жартысында Германияда алғаш салына бастады. Арнайы ойын алаңдары әуелі мектептің алаңында, содан кейін тұрғын үйлердің ауласына салынды. Бүгін де түрлі жасқа арналған әр алуан ойын алаңдары тіпті ересектердің де көзін қызықтырады. Оның үстіне бұндай пішіндер қазір архитектураның ажырамас бөлігіне де айналып үлгерді.