Отандық трикотаж қалай тігіледі? | Made in KZ

Ширатылған жүннен жасалған киімдерді яғни, тоқыма бұйымдарды адамзат ықылым заманнан пайдаланып келеді. Бірақ ол көп ғасырлар бойы сән әлемінде өз бағасын алған жоқ. Кезінде тоқыма бұйымдар тек кедей-кепшіктер киімі деп саналды. Тек ХХ ғасырда ғана бұл материал түріне дизайнерлер байыппен қарай бастады.

ХХ ғасырдың 70 жылдарында Лили Лэнгри атты ағылшын ақсүйегінің қызы жүннен жасалған костюмдер кие бастады. Бұл материал сол сәтте трикотаж деген атауға ие болды. Дизайнерлердің айтуынша содан бері бұл материал сән әлеміндегі танымалдығынан айырылған жоқ. Тоқыма бұйымдары сан жылдан бері кез келген әйелдер мен ер азаматтардың гардеробының ажырамас бөлігі болып қалып отыр. Себебі бұл материалдан тігілген киімдер ыңғайлы, қыста жылы, ал жазда жеңіл.

Сондай-ақ...