Отандық шана өндірісі | Made in KZ

Шана – ең ежелгі тасымал құралы десек еш қателеспейміз. Қар қалың түсетін аймақтарда шананы үлкендер өз шаруасында кәдеге жаратса, балалар үшін бұл құрал қыстың қызығына айналды, әлі күнге дейін қызметін мінсіз атқарып келеді.

Уақыт өте келе балаларға арналған шаналардың құрылымы да, түр-түсі де өзгеріске ұшырады. Әуелде шананың табаны ағаштан жасалды, кейін қардың үстінде еш кедергісіз сырғанайтын металдар пайдаланыла бастады. Құрылымы қарапайым болғанмен, балалар шанасын жасауға кәсіпорында жұмыс істейтін ересектер аса байыппен қарайды. Себебі, бұл ең алдымен бүлдіршіндердің қауіпсіздігі.