Тікұшаққа арналған керосинді жылытқыш пеш өндірісі | Made in KZ

Тікұшаққа арналған керосинді жылытқыш пеш өндіретін зауыт Көкшетау қаласында орналасқан. 1960 жылдан бері әскери техникалардың түрлі бөлшектерін өндіріп келеді. Ал дәл осы тікұшаққа жылытқыш пеш шығаратын еліміз бойынша жалғыз кәсіпорын. Мұнда бұл бөлшектің МИ-8 және МИ-17 тікұшақтарына арналған екі түрі шығады. Кәсіпорында барлығы 86 жұмысшы бар. Олар айына 10 дана керосинді пешті құрастырады екен. Қазақстаннан бөлек тауар Ресейге экспортталады.

«Made in KZ» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.

Сондай-ақ...