Астау өндірісі | Made in KZ

«Астау» – бешбармаққа арналған қазақтың дәстүрлі ағаш табағы. Ол ерекше технологиямен тұтас кесек ағаштан дайындалып  ұлттық ою-өрнекпен безендіріледі. Астауда ет ұзақ суымай тұрады және дәмді болады. Ал ыдыс-аяқтын ағаштан жасалғаны ерекше колорит қосып мерекелік үстелді әдемі түрімен безендіре түседі.

Көкшетау қаласында орналасқан зауыт қазақтың ұлттық нақыштағы ыдыс-аяғын 1989 жылдан бері өндіріп келеді. Кәсіпорын аумағы 3500 шаршы метрді құрайды. Бұл уақытқа дейін компания ағаш ыдысты жасауда өз технологиясы мен дизайнын ойлап тапқан. Бүгінде айына 3500 дана ағаш бұйымын жасап шығарады.  Зауытта барлығы 100 ден аса адам жұмыс істейді. Астаудан бөлек, өндірісте тегеш, кесе, ұлттық нақыштағы жиһаздар, сандық, бесік, домбыра мен құты да бар. «Made in KZ» бағдарламасының бүгінгі шығарылымнда астау өндірісіне жіті тоқталамыз.

«Made in KZ» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.

 

Сондай-ақ...