476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz


Дизайнерлік киім өндірісі | Made in KZ

  • 192

Сән әлемінде тігінші мен саудагер мамандығын ұштастырып, дизайнер деген атты алғаш рет ғаламға паш еткен Чарльз Фредерик Уорт. XIX ғасырға дейін барлық киімдер тігіншілерлің жеке есімінсіз, ортақ белгімен шығарылған. Ал Уорт алғашқы модельер ретінде тек жеке тапсырыстар алған. Одан бөлек шығармашылық коллекцияларын шығарып, Парижден жеке сән үйін ашты. Осыдан кейін әлемде дизайнерлік киім деген ұғым пайда болған.

Қазіргі таңда дизайнерлер арасында бәсекелетік артып келеді. Нәтижесінде отандық тауардың сапасы жоғарылаған. Шет елдік сән апталықтарында да Made in KZ таңбалы киім үлгілерін жиі кездестіруге болады. Осындай тігін цехының бірі Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан. Мұнда әйелдерге арналған дизайнерлік киім үлгілері шығарылады. 

«Made in KZ» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы