Сорғыш станциялар өндірісі | Made in KZ

Ертеректе суды бір жерден екінші жерге жеткізу үшін шелектеп тасыған екен. Жаны жайлылықты сүйетін адамдар алдымен шлангты ойлап табады. Дегенмен ізінше заман дамып, түрлі биік ғимараттар пайда болады. Енді сол суды жоғарыға, мықты қысыммен жеткізу жолын ойлай бастайды. Осылайша адамзат сорғыш станциясын шығарған.  

Бүгінде әлем бойынша сорғыш станцияға деген сұраныс өте жоғары. Өйткені аспанмен таласқан ғимараттар күн санап соғылып жатыр. Ал әрбір нысанның таза, қысымы жоғары сумен қамтылуы осы сорғыш станцияның болуына байланысты. Елімізде мұндай зауыт Алматы қаласында орналасқан. 1996 жылы нарыққа шыққан компания сорғыш станцияларын және жылу тарататын пунктер өндіреді. Бүгінде зауытта 200 адам жұмыспен қамтылған.

«Made in KZ» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.