476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz


Қасбетке арналған жылу панельдерінің өндірісі | Made in KZ

  • 182

Үйдің сыртын қаптауға арналған жылу панельдері алғаш рет Еуропада пайда болған. Ал соңғы 30 жылда бұл құрылыс материалының өндірісі қарқынды дамып келеді. Өйткені термопанельдер басқа материалдарға қарағанда арзан. Сондай-ақ ескірген үйдің қасбетін қайта жөндеуге ыңғайлы. Қызыл кірпішпен қайта үй салғаннан, қазір дәл осы кірпіш сынды жасалған панельдермен ғимаратың сыртын жаңартуға болады.

Отандық жылу панельдерін өндіретін зауыт 2019 жылы іске қосылған. Кәсіпорынның аумағы 1 гектар жерді құрайды. Зауытта 80 адам жұмыспен қамтылған. Күніне 3500 шаршы метрге жылу панелі өндіріледі.

«Made in KZ» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы