476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz


Есік ағаштар өндірісі | Made in KZ

  • 119

Тарихта алғашқы есіктер Ежелгі Мысыр мен Парсы елдерінде пайда болған. Ол кезде адамзат есікті сикомор талынан жасаған. Уақыт өте келе үй интерьерінің өлшемі, формасы, конструкциясы өзгеріп отырады. Ал орта ғасырда, құрылыс қарқынды дамиды. Есесіне есікке деген сұраныс артып, өндірісі көбейеді. Түрлі шикізаттан жасалған есіктер сатылымға шығарыла бастайды. Десе де бүгінге дейін Ежелгі Мысырдың ағаштан жасалған дизайны әлі сұраныста екен.

Алматының индустриалды аймағында орналасқан отандық компания дәл осы ағаш есіктер өндірісімен айналысады. 2021 жылдың қазан айында іске қосылған зауытында 65 қызметкер бар. Бүгінде ағаш есіктің алпысқа жуық түрі шығарылады. Компанияның айлық қуаттылығы 15 мың дана есікті құрайды.

«Made in KZ» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы