Медициналық зарарсыздандыру құралдарының өндірісі | Made in KZ

Адам баласы жер бетінде пайда болағалы түрлі инфекциялар мен аурулардан жаппай көз жұма бастады. Алғашында адамзат аурудың неден шығатынын, онымен қалай күресу керектігін білмеген. Тіпті ол кезде микроб пен вирустың не екені белгісіз еді. Тіпті дәрігерлер отаны стерилденбейтін киіммен жүргізіп, қажетті құралдарын отта қыздырып жасайтын болған. Тек XVI ғасырда ғана бұл сала зерттеле бастайды. Ал 1860 жылдары америкалық ғалымдар бактерия мен инфекцияның байланысын анықтайды. Жалпы медициналық зарарсыздандыру дегеніміз – бактерия мен вирус шақыратын микроорганизмдердің көзін жою болып табылады.

Елімізде осындай медициналық зарарсыздандыру құралдарын өндіретін зауыт Алматы қаласында орналасқан. Кәсіпорын 2010 жылы ашылған. Аумағы 2600 шаршы метрді құрайды. Зауытта барлығы 116 қызметкер бар. Күніне 36 тонна зарарсыздандыру құралдарын өндіреді.

«Made in KZ» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.