476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz


Балалар ойын алаңы | Made in KZ

  • 83

Әлем бойынша XIX ғасырға дейін балалар ойын алаңы мүлдем болмаған. Уақыт өте келе педагогтар балаға қажетті өз ортасы болуы керектігін айтып дабыл қаға бастады. Сонымен 1850 жылдары Еуропада алғашқы кішігірім құмсалғыш алаңдар пайда болады. Бірақ бұл кешен көбіне ойын-сауыққа қарағанда тәрбие беру мақсатында қолданылады. Ал қазіргідей толыққанды ойын алаңы Нью-Йоркте XIX ғасырдың аяғында салына бастайды. Онда тек құмсалғыш емес, түрлі әткеншек, сырғанау төбешіктері орнатылады. Балалардың қызығушылығына байланысты XX ғасырда ойын алаңын өндіру күрт артады. Елімізде осы саладағы өндіріс Қарағанды қаласында орналасқан.

«Made in KZ» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы