Тоттануға қарсы материалдар өндірісі | Made in KZ

Адамзат металлды алғаш рет тұрмыста, әскери бағытта, өндірісте қолдана бастағанда қиындыққа тап келеді. Себебі атмосфераның ылғалдылығынан ойлап тапқан мәселен қаруы тоттана бастайды. Ізінше көп ұзамай метал бұйымдар жарамсыз болып қалады. Бұл процесстің алдын-алу үшін адамдар металды түрлі маймен өңдеп отырған. Тіпті бұйымдарын алтынмен аптап, күміспен қаптағандар да бар екен. Бірақ бұл да темір төзімділігін ұзартпайды. Ең алғаш тиімді әдіс XVIII ғасырдың 40-шы жылдары Англияда пайда болады. Бристольде металды цинкпен қаптау арқылы ұзақ уақытқа жарамды ететін зауыт ашылады. Ал химия саласы дами бастаған соң, металлды қаптаудың көптеген түрі пайда болады. XX ғасырдың ортасында қазіргі қолданыстағы лактық-сырлық бояулар өндірісі дами бастайды.

Елімізде металды тоттанудан сақтайтын лактық-сырлық бояу өндірісі елордамызда орналасқан. 2018 жылы құрылыс жұмысы басталған кәсіпорын жақында ғана іске қосылды. Бүгінде техникалық режимде отандық тауарды өндіруге кіріскен. Зауытта әзірге 30 қызметкер жұмыс істейді. Енді ғана нарыққа шықса да, компания Қазақстанның бірнеше қаласын тоттануға қарсы материалмен қамтып отыр. Негізгі бағыты бойыншы металлды тоттанудан, оттан қорғайтын материалдар мен интерьерлік бояу түрлерін өндіреді.

«Made in KZ» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.

Сондай-ақ...