Жүрдек пойыз өндірісі | Made in KZ

Пойыз - ХХ ғасырда автомобиль ойлап табылғанға дейінгі әлемдегі жалғыз қозғалыс құралы еді. Ең алғаш пойызға ұқсас машинаны 1804 жылы Ричард Трейтвик ойлап тапқан. Оған паравоз атауы беріледі. Ізінше 1807 жылы теміржол салынған. Бірақ ол жолмен паравоз өздігінен қозғала алмай, жылқы арқылы вагондарды тарту басталады. Сосын пойыз жүк тасу үшін қолданылады. Ал 1825 жылы Джордж Стефенсон өзі басқарған пойызды іске қосты. Ал ХХ ғасырда электр энергиясы дамып, пойыздардың жылдамдығы қолға алынады. Осылайша бүгінгі жүрдек пойыздар пайда болған.

Елімізде жолаушылар вагонын өндіретін зауыт елордамызда орналасқан. Мұндай кәсіпорын ТМД елдері бойынша жалғыз бізде екен. Зауыт арнайы экономикалық аймақта 2011 жылы ашылған. Жылына 150 жолаушылар вагонынын өндіріп келеді. Кәсіпорын аумағы 22 гектар жерді құрайды. Бүгінде барлығы 174 қызметкер Made in KZ таңбалы вагондар өндіруде еңбек етуде.

«Made in KZ» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.