Бір реттік қолдануға арналған ыдыстар | Made in KZ

Бір реттік қолдануға арналған ыдыс-аяқ осыдан 100 жыл бұрын, яғни ХХ ғасырда ойлап табылған екен. Американдық студент Хью Мур асханадағы ыдыстардың таза жуылмайтынын көріп, қатты қағаздан стақан жасап шығарған. Ізінше кір ыдыстың гигиеналық тұрғыда қауіпті екенін айтып, үлкен мақала жазады. Қоғамда бұл бірден резонанс тудырған. Лауренс Луллен есімді кәсіпкер бұл оқиғадан соң бір ретік қолдануға арналған ыдыстың өзекті екенін түсініп, жаппай өндіруге кіріседі. Уақыт өте келе, өндіріс дамып қатты қағаздың орнын пластмассадан жасалған түрлі материалдар алмастырған.

Бүгінде бір реттік қолдануға арналған ыдыс көкке шығу үшін, кез келген кеңседегі мереке үшін таптырмайтын құрал. Мұндай ыдыстың басым бөлігі полипропилен немесе полистирол материалынан шығарылады. Бұл саладағы отандық ауқымды өндіріс компаниясы елордамызда орналасқан. 2017 жылы нарыққа шыққан зауыт бүгінде айына 15-20 тоннаға дейін бір реттік қолдануға арналған ыдыс шығаруға қауқарлы. Цехтағы 20 қызметкер осылайша еліміздің түкпір-түкпірінен келген сұранысты қамтып отыр.

«Made in KZ» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.

Сондай-ақ...