Қазақстанда өндірілетін биологиялық қоспа | Made in KZ

Биологиялық белсенді қоспа ұғымы ХХ ғасырдың бірінші жартысында пайда болды. Өсімдіктер құрамындағы микроэлементтер мен дәрумендердің ағзаға тигізер пайдасын ескерген америкалық ғалым Карл Ренборг алғашқы қоспаны 1927 жылы жасап шығарады. Әуелі ол жоңышқа мен ақжелкеннің сығындысын адамдарға тегін таратқан. Бірақ тегін өнімнің пайдасын адамдар алғашында елемеді. Ренборг қоспаны саудаға шығарысымен оған деген сұраныс күрт артты. Биологиялық белсенді препараттар тек өткен ғасырдың жетпісінші жылдары кеңінен тарала бастады. Желілік маркетингтің құрылуына арқау болған өнім дәл осы биологиялық қоспа.

 

«Made in KZ» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.

Сондай-ақ...