МӘМС жүйесін өзгеріс күтіп тұр

Жыл басында мәжілісмендер өңірлерге сапарлап, жергілікті жерлерде бұқараны алаңдатқан мәселелерге құлақ түрді. Осы кездесулерден бас-аяғы 700-ге жуық өтінішті жиып келіп, Үкіметке жолдаған еді. Азаматтардың талап-тілегінің көп бөлігі әлеуметтік бағыт яғни, денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту жайына қатысты болды. Сондай-ақ сайлаушылар ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, жол, энергетика салалары бойынша базынасын жеткізді. Шешімін тапқан түйткілдің бір парасын және алдағы жоспарларды Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаев баяндады. Вице-премьер: «тұрғындар көтерген мәселелердің бірі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі олқылықтар», - деді. Үкімет осы МӘМС жүйесін жетілдіру үшін жаңа заң жобасын әзірлеген. Құжатты Мәжіліс жұмысқа алды. Тақырыпты Назерке Тоқжан тарқатып айтады.