Елде ажырасу белең алды

Шаңырағы шайқалып, отбасы ойран болған жанұялар көбейді. Айтайық, 2023 жылы 120 мың неке тіркелсе, оның 40 мыңы ажырасумен аяқталған. Салдарынан бүгінде 400 мың әйел мен 60 мың ерекек - жалғызбасты. Бұл жайлы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі хабарлады. Мәселеге алаңдаушылық танытқан Ардақ Назаров түйткілдің түйінін тарқатудың тетіктерін ұсынды. Ол ажырасуға әлеуметтік жағдай әсер етеді дейді.