2,3 млн ауыл тұрғыны интернетпен қамтылады
Халқымыздың жартысына жуығы ауыл-ауданды мекендейді. Бірақ алыстағы ағайынның мұқтажын әлі күнге дейін толық шеше алмай келеміз. Кей елді-мекенде қарапайым интернетке қосылудың өзі – мұң. Тұрғындар жота іздеп, төбе аңдуға мәжбүр. Алайда министр Мәдиев бұл тығырықтан көп ұзамай шығатынымызға сенімді.