Жалақыны кешіктірген жұмыс беруші енді қандай жазаға тартылады?

Елімізде еңбек даулары, ГПХ келісімшарттары және жұмысшылардың әлеуметтік кепілдіктері бойынша жаңа маңызды өзгерістер ұсынылды. Мәжілісте ГПХ-ға (азаматтық-құқықтық шарт) тыйым салу туралы заң жобасы бірінші оқылымда қызу талқыланды.

Депутаттар ГПХ-да отырған он мыңдаған азамат еңбек демалысынан, жүктілік бойынша демалыстан және медициналық сақтандырудан айырылатынын ашық айтты. Сондықтан еңбек шартының кем дегенде бір белгісі болса — ГПХ жасауға тыйым салу ұсынылды.

Бүгінгі шығарылымда:

— ГПХ-ға тыйым салудың мәні қандай?

— Жұмысшыларға қандай жаңа әлеуметтік кепілдіктер беріледі?

— Жалақыны кешіктірген жұмыс берушіге айыппұл қалай өзгереді?

— Министрлік неге бұл ұсыныстардың бір бөлігін қолдамады?

— Депутаттардың қандай жаңа бастамалары бар?

— Жетісайдағы 12 адамның өліміне қатысты алғашқы пікір

— ЖОО дипломдарының Азия-Тынық мұхиты елдерінде танылуы

— Азаматтардан келетін өтініштердің негізгі үш категориясы