ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлау 19 наурызда өтеді | Мәжіліс Live
Президент жетінші сайланған Парламент Мәжілісі депутаттарын таратып, кезектен тыс сайлау өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Енді осы көктемде сайлау болады. Саяси науқан тура Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамының қарсаңында өтеді. Кезектен тыс сайлау 19-шы наурызға белгіленді.
Бұл жолғы саяси науқан әдеттегіден өзгеше. Енді Мәжіліс депутаттарының 70 проценті партиялық тізім арқылы, ал қалған 30 пайызы бір мандатты округтерден сайланады.