Дүниежүзіндегі білікті мейірбикелер Астанада бас қосты
«Ауру кірсе әлек кірді» дейді ел. Ауру алқымнан алғанда жақыныңның қадірін білесің. Ал ет жақының босағада қалып, ауруханаға түссең кім сүйеу болған?! Шықпа жаным шықпамен келген науқас мұндағы қамқоршысын мейірбике деп атапты. Медбике, мейіргер деп те жатады. Бірақ жанға жақыны мейірбике. Өйткені осы бір мейірлі маман тән ғана емес жанды да емдейді.