Туабітті дерттің емі: 12 жастағы балаға жүрегін тоқтатып операция жасалды
12 жастағы жасөспірім операция үстелінде жатыр. Баланың жүрегінде ақау бар. Бұл туабітті дерт. Қолқадағы қақпашасы дұрыс жұмыс істемейді. Ал оны емдеу үшін соғып тұрған жүректі тоқтата тұруға тура келді.
Мұндай дерттің барын бала да, біраз жасаған үлкендер де білмей қалуы мүмкін. Жүрек ара-тұра сыр беріп, кішкене ауырсынуға мән бермей жүргендер бар. Бірақ қолқадағы дерт бір күні болмаса, бір күні естен тандыруы әбден мүмкін. Сол қауіп.