«Аяғынан тік тұрғызды»: Радиожиілікті абляция кімге және қай кезде қолданылады?

Бел-омыртқа ауруларының себебі сан түрлі. Мамандардың айтуынша, кейде туабітті болғанымен, көп жағдайда жас ұлғая келе пайда болады. Қазір бел-омыртқа ауруларын емдеуде мамандар әлемдік тәжірбиеге арқа сүйейді. Нақтырақ айтсақ, радиожиілікті абляция қолданылады. Бұл - созылмалы ауырсынуды басатын медицинадағы озық әдіс.