Цифрландыру медицинаға не береді?

Ертегі шындыққа айналды. Ақылды технологиялар заманы келді. Адам баласы цифрлы жүйенің тылсымына бойлап енген сайын, жұмысы да анағұрлым жеңілдеді. Алақандай компьютерлер адамның миына сыймайтын ақпаратты жинап, қажет болса өңдеп береді. Бұл әсіресе медицина саласы үшін таптырмас құрал. Қазақстанның денсаулық жүйесі де цифрландырудың барлық жүйесін меңгеруге бейіл. Қазір алдыңғықатарлы қызмет көрсету үдерістерін іске қосып та үлгерді.