Бала қайдан қыли болады?

Заман озған сайын ауру да түрленіп барады. Өйткені адам баласы табиғаттан алшақтай бастады. Жер ананың жылуы бойға жетпейтін болды. Күн салып мал қараған ата, ине сабақтаған әже тұрмақ буыны қатпаған баланың көзі нашар көреді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде 2,2 миллиардқа жуық адамның көзінде ақау бар. Бұл алыстан немесе жақыннан дұрыс көрмейтіндердің саны.