Мегаполис. Астананың экологиялық ахуалы

Астананың экологтары қаланың атмосфералық ауасын ластайтын 3 негізгі факторды анықтапты. Біріншісі - жылу электроцентральдерінен бөлінетін зиянды қалдықтары бар түтін. Екіншісі - жеке секторлардағы жер үйлерден шығатын ыс және үшіншісі - автокөліктерден бөлінетін түтін. Осы үшеуі бірігіп, ауада қалқып тұруының кесірінен кейде смог пайда болып жатады. Бүгінгі шығарылымда осы мәселені қаузаймыз.