Қызылордадағы жылу жүйесінің жайы қалай?

«Энергетика саласындағы инфрақұрылымды жаңғыртып, жаңа стандартқа сай жетілдіру керек». Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында осылай деді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев жауаптыларға тариф саясатын қайта қарауды тапсырды. Себебі бізде баға төмен, ал нысандар ескіріп тұр. Мәселен ғимараттардың тозу деңгейі 60 пайыздан асты. Мәселеге зер салып көрдік.