Ақтөбе облысының инфрақұрылымы мен энергетика саласы
Елде кеңес кезеңінен бері қызмет етіп келе жатқан нысан көп. Әсіресе энергетика саласында инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары өте өзекті. Сектордағы тозу деңгейі 60 пайыздан асқан. Мұны мемлекет басшысы да баса айтқан еді. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында олқылықтың орнын толтыруды тағы бір мәрте тапсырды. Сондай-ақ, Президент тариф саясатын жетілдіруге пәрмен берді.