Өңірлерде әз-Наурызды қалай тойлап жатыр?
Бірнеше жыл бұрын Ұлыстың ұлы күнін тойлаудың тұжырымдамасы әзірленді. Мемлекет басшысының бастамасымен Әз-Наурызды атап өтудің он күндігі белгіленген еді. Себебі ұлтты ұйыстырып, халықты біріктіруде мейрамның маңызы жоғары. Бұл жайлы Бурабай баурайында өткен құрылтайда Қасым-Жомарт Тоқаев тағы бір мәрте айтты. Биыл айшықты мереке қалай өтуде? Зер салып көрдік.