Заңсыз активтерді қайтару ісі қалай жүзеге асып жатыр?
Үш жылдың ішінде 1 трлн теңгеден астам актив мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның 300 млрд-ы шет елдерге заңсыз шығарылған. Бұл жайлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. Айтайық, қазақ басшысы да заңсыз иемденген мүліктер мен активтерді қайтару ісіне қарқын қосуды тапсырған еді. Қасым-Жомарт Тоқаев, қазынаға түскен қаржы халық игілігіне жұмсалу керектігін айтты. Президент пәрмені қалай орындалуда,? Зер салып көрдік.