Абай облысындағы жылу орталықтарының 60% тозып кеткен

Елдегі жылу орталықтарының 60 пайыздан астамы тозып тұр. Олардың дені кеңес кезеңінен бері қызмет етіп келеді. Ал тәуелсіздік жылдарында жаңа нысан салынбаған. Саладағы тозу деңгейінің тым жоғары екенін мемлекет басшысы да баса айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев жаңғырту ісін жеделдетуді тариф саясатын қайта қарауды тапсырды. Президент пәрмені қалай орындалуда? Бағдарлама ұжымы зер салып көрді.