Бизнес өкілдері әлеуметтік салаға инвестиция салады

Төрт жылдың төңірегінде жыл сайын 200-ден астам инвестициялық жоба жүзеге асады. Бұл жайлы биыл Бурабай баурайында өткен құрылтайда Мемлекет басшысы айтты. Бұл елдің әлеуетін арттыруға, тұрғындардың тұрмысын түзеуге септігін тигізетіні белгілі. Қасым-Жомарт Тоқаев әсіресе әлеуметтік салаға баса назар аударылатынын сөз етті. Ел президенті бұл істерге бизнес өкілдерін де кеңінен тартуды тапсырған. Инвесторлардың қарқыны қалай екенін бағдарлама ұжымы бағамдап көрді.