Шалғай ауылдардың инфрақұрылымын дамыту
Үш жылдың ішінде 900 ауылдық мектеп жаңғыртудан өтеді. Сондай-ақ жыл соңына дейін шалғай аймақтарда 188 медициналық мекеме салынады. Бұл жайлы Бурабай баурайында өткен құрылтайда қазақ басшысы айтқан еді. Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдардың тұрмысын түзеуді тапсырды. Президент пәрмені қалай орындалуда? Міндет атқарылып, межеге жеттік пе? Бағдарлама ұжымы бағамдап көрді.