Қазір бұқара баласын әскерге жіберуден сескене бастады | Міндет пен меже

1-ші қыркүйекте елде әскерге шақырудың күзгі науқаны басталды. Жыл соңына дейін жалғасады. Осы төрт айда 18 бен 27 жас аралығындағы 18 мың ер азамат отан алдындағы борыншын өтеуге барады. Алғашқы легі 7-ші қыркүйекте аттанды.

Қазір бұқара баласын әскерге жіберуден сескене бастады. Өйткені сарбаздар арасында өлім жітім жиілеп барады. Жыл басынан бері қайғылы 5 жағдай тіркелді. Өзіне қол жұмсамақ болғандар да бар. Қазақстан армиясының атына сын болатын мәселеге мемлекет басшы назар аударып, арнайы комиссия құруды және жағдайды мұқият тексеріп, алдын алу жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Міндет қалай атқарылып жатыр?

 

«Міндет пен меже» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.