Қыстан қалай шығамыз? | Міндет пен меже

Екібастұз жылусыз қалды. Бурабай жұрты бүрсең қағып отыр. Семейдегі жылу электр орталығында өрт шықты. Қылышын сүйретіп қыс келгелі елдің бірнеше қаласында осындай апат болды. Яғни жылыту маусымына ала жаздай дайындалған орталықтар алғашқы аязда-ақ сыр берді. Елдегі жылу-электр орталықтарының орташа тозу деңгейі - 66 пайыз. Кейбірінде 80-90 пайыздан асады. Қыстан қалай шығамыз?

Бұған дейін ел президенті Энергетикалық нысандарды жаңғырту ісін бақылауды үкіметке бірнеше рет тапсырған болатын. Алайда желтоқсандағы оқыс жағдайлар саладағы ахуалды ашық көрсетті. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында мәселені тағы көтеріп, тексеру жүргізуді және кешенді шаралар әзірлеуді тапсырды.

 

"Міндет пен меже" бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.