Отандық жүк тасымалдаушылардың халықаралық нарықтағы үлесі 7%-ке жетті | Міндет пен меже

Отандық жүк тасымалдаушылардың халықаралық нарықтағы үлесі 7%-ке жетті. Он бір айда теміржол көлігімен өтетін жүк айналымы 7%-ке өсті. Астық тасымалы 808 млн тоннаға жетіп, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9%-ке көбейген. Дегенмен, бұл саланың қордаланған мәселесі аз емес. Жолаушы, жүк тасымалдайтын вагондардың көбі ескірген, локомативтер де жетпейді. 

Қазақстан Орталық Азиядағы транзиттік көшбасшылығын сақтап қалуы тиіс. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің көлік-логистика мүмкіндігін дамыту үшін темір жол паркін жаңалап, жолдарға күрделі жөндеу жүргізуді, жаңа балама бағыттар ашуды жауапты министрліктерге міндеттеді.

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы пойыздардың қозғалысын үйлестіріп, тасымалды тездету үшін елді үш өңірге бөліп басқару орталықтарын ашты. Соңғысы былтыр желтоқсан айында іске қосылды. Дегенмен, пойыздардың кестеден кешігу деректері әлі де бар. Қызмет көрсетуші компаниялар кемшілікті жою үшін қам жасап жатырмыз дейді.