Асыл тұқымды иттер ұлттық құндылық ретінде қорғалуға тиіс | Міндет пен меже

Қазақы тазы мен төбетке қамқорлық жасалады. Жеті қазынаның бірі саналатын асыл тұқымды иттер ұлттық құндылық ретінде қорғалуға тиіс. Салпаң құлақты тіркеп, санаққа алу, санын көбейту жұмыстары жүйеленуі керек. Ол үшін «Қазақы ит тұқымдарының ұлттық орталығы» құрылмақ. Былтыр Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің іс басқармасына осындай міндет жүктеген еді.