Кеден бекеттерін оңтайландыру керек | Міндет пен меже

Былтыр Қазақстан аумағы арқылы 3,8 миллиард тонна жүк тасымалданды. Оның 82 проценті жүк көліктерінің үлесінде. Қатынасты әлі де көбейтуге мүмкіндік бар. Ол үшін кеден бекеттерінде қордаланған мәселені шешіп, өткізу пунктерін заман талабына сай жаңарту керек.