«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы | Міндет пен меже

Бүгінгі таңда білім саласындағы маңызды проблема – мектеп мәселесі. Ел бойынша 270 мың оқушыға орын жетіспейді. Сондықтан 137 мектеп үшауысымда жұмыс істеуге мәжбүр. Ал апатты жағдайда тұрған білім ордаларының саны 50-ден асады. Осы мәселені шешу үшін мемлекет басшысы 2025 жылға дейін республика бойынша 1000 мектеп тұрғызу туралы тапсырма берген еді. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет алдына "«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру міндетін қойды. Ол қалай іске асып жатыр? Осыны білу үшін біз Түркістан облысына бардық.