Президент елдегі қалалардың келбетін сынға алды | Міндет пен меже

Президент елдегі қалалардың келбетін қатаң сынға алды. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев шаһарлардың жай-күйі көңіл көншітерліктей емесін, балалар алаңдары жабдықталмағанын, үйлер тозғанын ерекше атап өтті. Осыған байланысты әкімдерге өзі басқаратын қала мен елдімекендерді жаяу аралауды тапсырды. Жалпы Үкімет пен әкімдердің мемлекет басшысынан қаланың жай-күйіне қатысты сөз естуі алғаш рет емес.