Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту

Іргетасы сөгіліп, қабырғасы қақырап тұрған медициналық нысандар жаңғыртылады. Жауаптылар «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында бас-аяғы 655 ғимаратты қолданысқа қосады. Меже орындалса елді-мекендердегі ақ халаттылардың қызметі жақсарып, саладағы инфрақұрылым жанданады. Ауылдағы ағайынды медициналық көмекпен қамту  шараларына қарқын беруді биылғы жолдауында ел Президенті де тапсырған еді.