Өскемен қаласының экологиялық ахуалы қандай деңгейде?
Экологиялық ахуалды жақсарту жергілікті биліктің басты назарында болуы керек. Қоғамда қоршаған ортаны қорғаудың қадір-қасиетін насихаттау маңызды. Бұл жайлы былтырғы жолдауында мемлекет басшысы баса айтқан болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев табиғатты аялауға әсіресе бизнес өкілдері жең түре кірісу керек екенін ескерткен еді. Президент пәрмені қалай орындалуда? Мәселеге зер салып көрдік.