Мүдделер тоғысында. Қазақстан-Чехия бизнес форумы: жаңа бастамалар мүмкіндігі
Қазақстан мен Чехия кәсіпкерлері бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі.
Астана мен Алматы қалаларында өткен бизнес-форум осының айғағы болса керек. Бұл жолғы іскерлік топты Чехияның Ауыл шаруашылығы министрі бастап келді. Еліміздегі бизнес құрылым өкілдерімен арадағы ынтымақтастықты одан әрі жандандыру үшін 25 чехиялық кәсіпорынның жетекшілері межелі жоспарларын ұсынды. Әсіресе фермерлер жағы екеуара әріптестіктің нәтижелі жалғасына үміт артады. Шетелдік серіктес табуға осы жиынға арнайы келген отандық кәсіпкерлер де бірқатар келісімдер жасасты. 50-ге жуық кәсіпорын басшыларының чехиялық әріптестеріне ұсынған маңызды бастамалары дер кезінде қолдау тапты.Толығырақ бағдарлама барысында тарқатамыз.