Мүдделер тоғысында. «Тәтті» бизнес

www.milionkobiet.pl

Шоколад немесе клегей дәмді балмұздақты қалайсыз ба? Елордалық кәсіпорын бүгінде бұл тәттінің сізге 35 түрін ұсына алады.

Кәсіпкер Азамат Нұрғожин балмұздақ өндірісін осыдан 6 жыл бұрын қолға алған. Бүгінде ол өз өнімін Алматы, Қарағанды, Ақтөбе мен Қостанай қалаларында да сатады. Ал Қостанай облысының тұрғыны Мырзаболат Кәмелев 30 тоннаға дейін холофайбер мен синтепон өндіретін фабриканы басқарады. Бұл кәсіпкерлердің барлығы өз бизнестерін мемлекеттік қолдаудың арқасында дамытып отыр. Бұдан бөлек бағдарлама барысында сіздерді нарықта 30 жыл жұмыс істеп келе жатқан пластик терезелерін өндіретін және Рудный қаласындағы ұлттық нақышта киім шығаратын кәсіпорындармен таныстырмақпыз.