Мүдделер тоғысында. Кәсіпкерлік көкжиегін кеңейткен мемлекеттік бағдарлама

newsdelo.com

Бүгінгі бағдарламамызда көрсететін қос кәсіпорынның жемісі мемлекеттік бағдарламаның қаншалықты тиімді жұмыс істейтінін көрсетеді.

Бұл екі кәсіпкер де жеңілдетілген несиемен грант алып, кәсібін дамытуға жақсы мүмкіндік алды. Астанада жарты жылдан астам уақыт жұмыс істейтін жарнама агенттігі бүгінгі таңда тапсырыс берушінің талғамына сай сапалы қызмет көрсетеді. Бастапқы стартап жобаны жүзеге асыру үшін компания жетекшісі өзінің жеке қаражатын салды. Бұдан бөлек «Даму» қоры арқылы «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында қосымша қаржыға ие болды. Екінші кәсіпкер бас қалада тәулік бойы жұмыс істейтін тіс емханасын ашты. Онда келушілерге әлеуметтік жеңілдіктер де қарастырылған. Мәселен жетімдер, мүмкіндігі шектеулі жандар, аз қамтылған балалар үйінің тәрбиеленушілері мұнда 50 пайыз жеңілдікпен емделе алады. Тіпті оларға тегін көрсетілетін қызмет түрлері де бар. Толығырақ бағдарлама барысында тарқатамыз.