387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өнеркәсіп | Жоғары вольтті трансформатор өндірісі

  • 67

Орталық Азиядағы ең ірі және жалғыз трансформатор зауыты өнім шығара бастады! Өндіріс Шымкентте орналасқан және бүгінде компания жыл соңына дейін 7 млрд. теңгеге жуық сомаға тапсырыс алды.

Бұрын жергілікті компаниялар осындай реакторларды сатып алу үшін шетелге тапсырыс беретін. Қазір зауыт Қазақстанның ұлттық компаниясы үшін 500 киловатқа арналған 6 реактор және жергілікті электр желілері үшін 220-110 киловатқа арналған 4 трансформатор әзірлеуде. Сондай-ақ Қазақстанның магистральдық темір жол желісі үшін трансформаторлар дайындауға келісім шарт жасау көзделіп отыр.

Зауыттың толық қуатпен жұмыс істеуі ішкі нарықтың қажеттіліктерін жабуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, үлкен әлеуметтік-экономикалық тиімділікке жол ашады.

Хабар 24 телеарнасы