414,36 504.70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өнеркәсіп | Қазақстандағы тіркемелер өндірісі

  • 63

Машина жасау саласы тұрақты өсім көрсеткен секторлардың тізіміне енді. Бұл туралы Индустрия министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Дамудың жоғары нәтижесі автомобильдер, жартылай тіркемелер, автотіркемелер өндірісі есебінен қалыптасты. Қазақстанда автомобиль өндірісі жақсы жолға қойылған болса, ал автотіркемелер немесе басқаша айтқанда трейлерлерге қатысты жағдай басқаша. Ол бізде аз көлемде шығарылады. Мамандардың айтуынша, пандемия кезінде автотіркемелерге деген сұраныс бүкіл әлемде біршама артқан. Шекаралардың жабылуына байланысты халық тек өз елдерінің ішінде саяхаттауға мәжбүр. Сондықтан бұл трейлерді автокөлігіңізге тіркеп алып, ел ішін аралауға өте ыңғайлы.

Автотіркеме өндірісінің отандық машина жасау саласындағы орны қандай? Оларды жасауда қазақстандық металдар мен бөлшектер қолданыла ма? Саланың дамуына не кедергі? Бұл туралы «Өнеркәсіп» бағдарламасында таратып айтайық.

Хабар 24 телеарнасы