425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Лифт өндірісі | Өнеркәсіп

  • 52

Қазақстанда енді лифт өндірісі жанданады. Осыдан бірнеше жыл бұрын отандық нарықтағы өндірістің бұл түрі шетелдік компанияларға берілген болатын.

Қазір еліміздің нарығында лифт өндірісіне деген сұраныс артты. Көп қабатты үйлерді салу кезінде ғана емес, сондай-ақ мерзімі өткен лифтілерді жаңғырту кезінде пайдалануға болатын жергілікті лифт жабдықтарына деген де үлкен қажеттілік бар. Елімізде биік үйлердегі жедел сатының сапасына тұрғындар тарапынан кейде сын айтылып жатады. Неліктен елде сұраныс ұсыныспен сәйкес келмейді және мемлекет отандық өндірушіні қалай қолдауға ниетті? Бұл туралы «Өнеркәсіп» бағдарламасының осы шығарылымында айтып береміз.

Хабар 24 телеарнасы