434,48 496,10 5,67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz


Тәуелсіз Қазақстанның өнеркәсібі қалай дамыды? | Өнеркәсіп

  • 97

Еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстандағы өнеркәсіптің даму тарихы - бұл жеңілістер мен жеңістер тарихы. 90-шы жылдары Қазақстанның өнеркәсібі өлместің күнін көріп жатты. Зауыттар мен фабрикалар тоқтап қалды, себебі шикізат жетіспеді. Ал тәуелсіздік алған жас мемлекет сол кезде КСРО-дан мұраға қалған дүниені қайта жандандырып қана қоймай, жаңасын салу туралы шешім қабылдады.

Орасан зор жоспарлар жай ғана құрылған жоқ. Қазақстанда тоқтап қалған кәсіпорындарды қолдаудың Мемлекеттік бағдарламалары қабылданды, онда ел өнеркәсібін өркендету үшін қашан және не істеу керек деген барлық қадамдар кезең-кезеңімен сипатталды. Сонымен бұл процесс қалай жүрді? Тәуелсіз Қазақстанның өнеркәсібі қалай дамыды. Бұл туралы бүгінгі бағдарламада таратып айтайық.

Хабар 24 телеарнасы