Олимп. Каратэ шинкиокушинкай

Астана қазір әлемдегі ең ірі спорттық қалалардың біріне айналды. Бұнда күнделікті өтіп жатқан халықаралық және республикалық додалардан бөлек биыл тұңғыш рет еліміз каратэ шинкиокушинкайдан Әлем чемпионатын қабылдады.

ЭКСПО көрмесі Астананы жасыл технологиялар орталығына айналдырды, ЭКСПО көрмесі миллиондаған саяхатшының бас қаламызға ағылуына түрткі болды және біздер үшін ең маңыздысы ЭКСПО көрмесі елордамызды әлемдегі ірі спорттық қалалардың қатарына қосты. Сондықтан, каратэден әлем чемпионатының биыл дәл осы Астанада өтуін кездейсоқтық дегеннен гөрі, сәйкестік деген дұрыс шығар.